Шолпан Елгезекова қайтыс болған жол апатының видеосы пайда болды

1

Әлеуметтік желіде театр және кино актрисасы қайтыс болған жол апатынан видеосы таралды. Видеоны түсірген куәгердің айтуынша, Mersedes Gelandewagen көлігі бағдаршамның «қызыл» түсіне өтіп кетіп, актриса отырған көлікке соғылған.

Жол апаты 29 желтоқсанда таңға жуық Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алды.

«Анда бір әйелдің әпкесі қайтыс болыпты. Жүргізуші қашып кетті дейді», – деп жазылған Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасындағы видеоның астына.

Ал жол апатынан кейінгі оқиғаны видеоға түсірген куәгер Mersedes Gelandewagen-нің бағдаршамның қызыл түсінен 120 километр жылдамдықпен өтіп кеткен, нәтижесінде Mitsubishi Galant көлігін соққан.

Полицияның хабарлауынша, соққының салдарынан жеңіл көлік жол шетіне ұшып кетеді.   Mitsubishi Galant жүргізушісі мен актриса Шолпан Елгезекова оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған іске байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу алды іс қозғалды.

Шолпан Елгезекова

Шолпан Елгезекова 1973 жылдың 12 наурызында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында оқуын тәмамдаған. Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында жұмыс істеген.

Елгезекова биыл шілдеде көрсетілімге шыққан «Шабдалы» фильмінде басты рөлде, «Анашым, мені қалдырма», «Айман-Шолпан» телехикаяларында ойнаған.

«Қамшы» сілтейді