Каспий теңізінде қауіпті аттракцион ұйымдастырған экскаватор машинисі жазаланды

0

Ақтауда Каспий теңізінде қауіпті аттракцион ұйымдастырған экскаватор машинисі жазаланды. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде теңіздің ортасында арнайы техникамен арқанға байланған адамдарды айналдырған экскаватор машинисінің видеосы тараған болатын.

Маңғыстау облысының полиция департаменті 28 тамызда тараған видеоға тәртіп сақшыларының дер кезінде әрекет еткенін хабарлады. Ақтау қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері экскаватор жүргізушісін анықтады.

«29 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 593-бап «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» және Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 620-бап «Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» бойынша екі хаттама толтырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді», – делінген хабарламада.

Бұл баптар ескерту жасауға немесе 5 және 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

фото: stan.kz