«Менен он есе талантты адамдардың жолы болмады»: Азамат Сатыбалды басшылық қызметі туралы (ВИДЕО)

0

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті, танымал актер Азамат Сатыбалды басшылық қызметіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі жұмысына баға беріп, басшылық қызметте нені үйренгенін айтты.

«Мен басшылық қызметте өзімді толық бағалап үлгерген жоқпын. Мен кез келген жұмысты қызмет деп есептеймін. Бұл басшылық қызмет емес, бұл өнерге қызмет деп есептеймін. Өнер маған көп дүние берді. Мен өнер жолында өзімнен он есе талантты адамдарды көрдім. Бірақ олардың көбінің жолы болмады, қалып қойған. Сол сәтте маған «Неге мен? Неге ол емес?» деген сұрақ келеді. Демек өнердің құдайы маған назар аударып, көп нәрсе берді. Мен өзіме беріліп жатқан абырой мен ырзық-несібені ойласам, қорқып кетемін. Осыншама ырзық беріп жатқанда неге өнер үшін жұмыс жасамасқа?! Мен өнерден қанша алсам, солай өнерге беру арқылы қызмет жасағым келіп тұр. Бұл да уақытша деп ойлаймын», — деді актер

«Уақыт көрсетеді» бағдарламасында. Сонымен қатар Азамат Сатыбалды басшылық қызмет өзін неге үйреткенін айтты.

«Басшылық қызмет туралы әркім әрқалай айтатын шығар. Менің жеке толғанысым, пайымым бар. Алла тағала, өнердің иесі мені үлкен тәкаппарлықтан қаққан сияқты. Тәкаппарлық үлкен кешірілімейтін күнә. Мен отбасымда ерке болып өстім. Мендей еркелеген бала болмаған шығар. Кейін танымалдылық та мені еркелетті. Үйдегі келіншегім де еркелетті», — деді ол.

https://smartnews.kz/news/11238-menen-on-ese-talantty-adamdardyn-zholy-bolmady-azamat-satybaldy-basshylyk-kyzmeti-turaly-video