«Егіз лебіз» музыкалық жобасының жеңімпазы анықталды

0

«Qazaqstan» ұлттық арнасынан «Егіз лебіз» музыкалық жобасының жеңімпазы анықталды. Бұл туралы телеарнаның Instagram-дағы парақшасы жазды. 

«Сенбілік прайм-тайм уақытында отандық арналар арасында ең көп көрермен жинайтын «Егіз лебіз» жобасы аяқталды. 12 өнерлі жұптың ішінен Дастан Оразбеков пен Гүлнар Силбаева жұбы жеңімпаз атанды», — деп жазады «Qazaqstan» ұлттық арнасы.

Олар финалда «Rolling in the deep» және «Сен» әндерін орындады. Финалдық бәсекеде өнер көрсеткен Қазыбек Құрайыш пен Зарина Кармен 2-орын иеленсе, Тұрар Ыдырыс пен Ақнұр Рахат 3-орынды иеленді.

https://smartnews.kz/news/11244-egiz-lebiz-zhobasynyn-zhenimpazy-anyktaldy