Кәрім Мәсімовке не үшін БҰҰ араша болады?

0
1482

Біріккен ұлттар ұйымының жөнсіз ұстаулар жөніндегі жұмыс тобы ресми Астананы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті «шұғыл бостандыққа шығаратын іс-шара қабылдауға» шақырыпты.

Ұры Н.Назарбаевтың құлақкесті құлы болған Һәм қытайшыл-ресейшіл шенеунік Кәрім Мәсімовке не үшін БҰҰ араша болады?!
Қаншама азаматтық белсенділер жазықсыз қамалып-сотталғанда ләм-мим демеген БҰҰ-ның аяқ астынан КГБ-ның жансыз-тыңшысына жанашырлық танытуын қалай түсінеміз?!

Шындығында БҰҰ бүгінгі күні халықаралық институттардың ішіндегі ең импотентті ұйым.
Оған дәлел соғысқұмар Ресейдің Украинадағы бейбіт халықты қынадай қырған агрессиясына БҰҰ солқылдақ позиция танытып, қанішер Путин билігін террористік деп тануға батылы бармай отыр..
Меніңше БҰҰ-ны бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі құрылған Ұлттар Лигасы сияқты жою немесе қайтадан басқа форматта реанимациялау керек.
Ал Кәрім Мәсімов және оның жақтастарының соты мейлінше ашық һәм жария түрде болуы тиіс!

Тұрарбек Құсайынұлы

(Автордың пікірі редакция көзқарасын білдірмейді)