Канада мен Германияның жоғары оқу орындары Қазақстанда ашылмақ

0
28

Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу тәжірибесі жалғасады. Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазақстандық жоғары оқу орындарының экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту үшін шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу шаралары жалғастырылатын болады. Өздеріңіз білетіндей, соңғы екі жылда ірі шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды», — деді Саясат Нұрбек.

Жалпы, министрліктің мәліметінше, филиалдар ашу жоспарлануда:

▪️Heriot-Watt University (Ұлыбритания) Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында;
▪️Калгари университеті (Канада);
▪️Шәкәрім университетінің базасында Вагенинген Университеті және зерттеу орталығы (Нидерланды) ;
▪️Technische Universitat Berlin (ГФР) Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында;
▪️И.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм саласындағы шетелдік жоғары оқу орнының филиалы.

t.me/orda_kz
Фото: kaznpu.kz