«КамАз» басып кетті»: Әнші Индира Елемес әкесінен ерте айырылып қалғанын айтты

0

Белгілі отандық әнші Индира Елемес “Қызықты weekend” бағдарламасында әкесінен қалай айырылып қалғанын айтып берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Әкем мықты хирург болған. Ол кісіні барлық жерге шақыратын. Сол жылы әкемді шұғыл отаға Румынияға шақыртады. Бір адамның өмірін аман алып қалып, үйге қайтып келе жатқанда “КамАз” басып кеткен екен. Анамның қолында 6 айлық емізулі баласы қалды. Мен бір жарым жастамын. Әкем анама келе жатырмын деп хабарласқан екен. Содан анам үш сағат күткен, бірақ әкем келмеді. Әкемнің өлімін анама достары естіртті. Сөйтіп анам бір жарым жылдай күйзелсе болған. Ес жия алмаған соң достарының бірі келіп: “Бес қызың бар. Өзіңді-өзің қолыңа ал, болмаса қыздарыңды балалар үйіне өткіземін” деген екен. Содан әкемнің қол астында медбике болып қызмет еткен анам жұмысқа шығып, 30 жыл үзіліссіз жұмыс істеді”, – дейді Индира Елемес.

Бұған дейін Индира Елемес күйеуінің өзінен 19 жас үлкен екенін айтқан болатын.