Каир көшесіндегі жарылыстан 19 адам мерт болды

0

Египет астанасының орталығында болған жарылыстан кемінде 19 адам қаза тауып, 32 адам жараланғаны туралы билік өкілдері хабарлады. Оқиға онкология институты маңында болған. Ішкі істер министрлігі 5 тамыз күні таңертең жариялаған мәлімдемесінде жолдың қарсы бөлігіне шығып кеткен көлік бірнеше өзге көлікке соқтығысқан сәтте жарылыс болғаны айтылған.

Бұл кездейсоқ оқиға ма, әлде қасақана жасалды ма, ол жағы әзірге белгісіз. Ішкі істер министрлігінің алдын ала мәлімдеуінше, жарылыс дүйсенбі, 5 тамызға қараған түн ортасына таман, институт маңында жолдың қарсы бетімен кетіп бара жатқан көлік басқа үш көлік құралымен соқтығысқанда болған деп хабарлады Egyptian Streets жаңалықтар сайты.

Аидеода жарылыс болған жерде өртеніп жатқан бірнеше көлік байқалады. Жарылыс Каирдағы автокөлік көп жүретін Әл-Маниал ауданында болған. Бұл аудан Ніл өзені жанында орналасқан.

Египет денсаулық сақтау министерлігінің мәлімдеуінше, жарылыс салдарынан онкология институтына зақым келген.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз