Дауыл салдарынан 10 адам Алакөл жағалауындағы аралда қалып қойды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Адамдар жағалауға қайта алмай, аралда түнеуге мәжбүр болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. 10 адамнан тұратын топ дауыл  салдарынан Алакөлдің маңындағы Аралтөбе аралында түнеп шықты.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнде он адамнан тұратын топ, оның ішінде балалар Алакөл жағалауынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан Аралтөбе аралына серуендеу катерімен аттанған.


©
Photo : пресс-служба ДЧС Восточно-Казахстанской области

Алакөлде демалушылар дауыл салдарынан аралда түнеді

Біраз уақыттан кейін қатты жел көтеріледі. Адамдар үлкен толқындардан қорқып, кері қайтуға тәуекел жасамай, кешкі сағат 22 шамасында құтқарушыларға хабарласқан.

«Бұл кезде дауыл әлі басылған жоқ еді, көлге шығу қауіпті болды. Дегенмен жел тоқтағаннан кейін біз аталған бағыт бойынша жолға шықтық. Таңғы сағат беске қарай аралдағы адамдарды таптық. Оларға медициналық көмек қажет болмады», — деді облыс құтқарушыларының жедел құтқару жасағы алтыншы бөлімінің басшысы Нұржан Бажақов.  

Нәтижесінде құтқарушылар адамдарды екі қайықпен жағаға жеткізді.

Шомылу маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында 23 адам құтқарылды.



sputniknews.kz