Ющенко украиналықтарды «квази-ұлт» деп атады

0

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Ющенко украиндықтарды «квази-ұлт» деп санайды. Бұл туралы ол 24 тамызда «Украина 24» телеарнасының эфирінде айтты.

«Мен шын жүректен және терең түсініктемелерсіз айтуға мәжбүрмін: біз әлі де «квази-ұлтпыз». Бізде дені сау, қуатты, топтасқан ұлтқа тән көп нәрсе жоқ. Сондықтан, күн тәртібіне қою керек көптеген мәселелер бар — бұл терең ұлттық сананы қалыптастыруға байланысты мәселелер», — деді Ющенко.

Оның айтуынша, «бұл тек күш алып жатыр». «Әлсіз ұлттық процестер, менің ойымша, бүгінгі біздің басты проблемамыз», — деді Украинаның экс-президенті.

Ющенко 2005 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың ақпанына дейін Украинаның президенті болды.

Өкінішке орай, бізде, қазақтарда, дені сау, мықты, топтасқан ұлтқа тән көп нәрсе жоқ. Яғни, бізге терең ұлттық сананы қалыптастыруға байланысты сұрақтарды қарау қажет.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты