ДДСҰ басшысы әлем елдерін алдағы үш айда «жаңа пандемияға» дайындалуға шақырды

0

Алдағы үш айда әлем жаңа пандемияға дайындалуы керек, деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус.

Женевада өткен брифингте ол қазіргі уақытта әлемде коронавирустың жағдайы тұрақталғанын, бірақ аурушаңдық пен өлім өте жоғары деңгейде қалып отырғанын баса айтты.

Келесі үш ай «болашақ пандемияға» дайындалудың және қажетті жауапты ұйымдастырудың «сыни кезеңі» болады, деді ол.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, коронавирустық инфекцияның таралу жылдамдығы екі айға созылған өсуден кейін аптасына шамамен 4,5 миллион жаңа жағдайға тұрақталды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты