Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үшінші рет үйленгені рас па? (ВИДЕО)

0

Әлеуметтік желілерде үйленіп жатқан жігіттің ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа ұқсайтын жас жұбайлардың билеп жатқан видеосы пайда болды.Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Golos-naroda.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қуандық Бишімбаев болуы мүмкін видео Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды.

Қалыңдықты ешкім танымағанымен, үйленіп жатқан күйеу жігіт  ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа ұқсайтыны көрініп ақ тұр.

Қалыңдықтың аты Салтанат. Оның Instagram парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, қалыңдықастрологиямен айналысады және бұл үшін жақсы ақша табады. Оның аккаунтында әдемі киіммен және мейрамхана залдарынан көптеген фотосуреттер бар.

Қуандық Бишімбаевтың online.zakon.kz сайтында Кахарман Назым Кахарманқызына үйленгені көрсетілген. Олар үш баланы тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ, Ұлттық экономика экс-Министрінің бірінші некеден ересек ұлы бар.

Назым Кахарман күйеуі қамауға алынғаннан кейін бірнеше рет БАҚ-та жұбайына қолдау Сөз сөйлеп, оған колонияға барып, жазасын қалай өтеп жатқаны туралы айтты.