«40 жас берер ем». Аша Матай жаңа жасқа қадам басты

0
Аша Матай туған күніне орай парақшасына видео жүктеп, жазба қалдырды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгін мына қыздың туған күні. 34 жасқа толды. Мен бақыттымын, сүйіктімін, саумын, құрметтімін, сұлу әрі қарапайыммын”, – деп жазды туған күн иесі.

Өзін-өзі өсіре бағалаған өнер иесіне бірі қызыға қараса, енді бірі оны қарапайымдылықтан ада деп санайды.

“Өзіңізді қатты жақсы көреді екенсіз”, “Мен сізді 26 жаста екен деп ойласам”, “Расымен қарапайым екенсіз”, “Паранджаны шешіп тастапсыз ғой?!”, “34 жаста бұдан да жас көрінуге болады”, “40 жас берер ем”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Ашаны өнердегі әріптестері де құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.

“Туған күніңмен! Аман болыңыз! Бақытты болыңыз!, Жеңге, туған күніңізбен”, –  деп KeshYou тобының экс-мүшесі Айдана Меденова, атышулы “Қалаулым” бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатова мен әнші Қуандық Рахым тілектес екендерін білдірді.