Ислам Кәрімовтың сенімді серіктерінің бірі қамауға алынды

0
100

Өзбекстан экс-президентінің  мемлекеттік істер жөніндегі көмекшісі болған Муиджон Тохирий қамауға алынды.

Өзбекстан бас прокуратурасы таратқан мәлімет бойынша, Тохирий қамауға алынған. Қазіргі таңда оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бас прокуратура әзірге Тохирийдің не үшін қамауға алынғандығы жөнінде басқа ешқандай ақпарат таратпаған.

Муиджон Тохирий президент Ислам Кәрімовтың тұсында 2006-2008 және 2011-2016 жылдар аралығында Ұлттық Қауіпсіздік Қызметі басшысы болған. 2013 жылдан бастап Ислам Кәрімов қайтыс болғанға дейін президент қауіпсіздігі қызметін басқарған. Бұдан бөлек Тохирий әр жылдары Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, президент көмекшісі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың желтоқсан айында Муиджон Тохирий кеден мемлекеттік комитетінің басшысы болып тағайындалып, 2018 жылдың ақпан айында қызметінен босатылған.

«The Qazaq Times»