Ішінде 157 адам болған ұшақ апатқа ұшырады

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.

«Boeing 737-800 MAX ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 08:38-де Аддис-Абебе Боле халықаралық әуежайынан ұшып шықты. Сағат 08:44-те ұшақпен байланыс үзілді», — деп жазылған Ethiopian Airlines хабарламасында.

Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшыраған. Алғашқы деректер бойынша ұшақтың ішінде 149 жолаушы және экипаждың сегіз мүшесі болған. Әзірге қазақ тапқандар мен тірі қалғандар бойынша ақпарат жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.



sputniknews.kz