Ірі банктер қытайлық Huawei компаниясына қолдау көрсетуден бас тартуда

0

Құрама Штаттағы танымал басылым The Wall Street Journal-дың хабарына қарағанда, екі ірі трансұлттық банк қытайлық технология көшбасшысы Huawei-ді қаржылай қолдауды тоқтата тұратынын мәлімдеген.

HSBC және Standard Chartered қатарлы ірі банктер Huawei компаниясы үшін қаржылай қолдау жасау немесе қызмет көрсетудің құны тым қымбатқа түсетінін айтады. Аталған басылымның айтуынша, бұл екі банк Huawei-дің жаһандық қаржы нарығына шығуына үлкен рөл атқарып келген.

Huawei компаниясы – Қытай технология компанияларының көшбасшысы. Ол Қытайдың ең ірі телекоммуникациялық жабдықтарын өндіретін кәсіпорны. Қазіргі кезде АҚШ-тың Иранға бағыттаған санкциясын бұзды деген айыппен Әділет министрлігі жағынан тергеу қабылдауда.

Компанияның қаржы директоры Мың Уанжоу АҚШ-тың өтініші бойынша Канадада тұтқындалып, кейін кепілдікпен босатылды. АҚШ тарабы Мың Уанжоуды Иранға қарсы санкцияны бұзу үшін алаяқтық жасады деп күдіктенеді. Мәліметтерге қарағанда, жоғарыда аталған HSBC банкі Мың Уанжоудың жалған мәліметтерін қабылдаған.

Қазір Huawei компаниясының әлемнің 170-тен астам еліндегі жұмыстарына Citibank банктік қызмет көрсетіп отыр. The Wall Street Journal басылымының хабарына қарағанда, Citibank мәлімдеме жасап Huawei компаниясына қызмет өтеу жоспарын қайта қарастыратынын, бұл ретте АҚШ тарабының мәмілесіне баса назар аударатынын айтқан.

HSBC банк болса өткен жылы Huawei-ге жаңа қаржы қызметтерін ұсынуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Ал, жақында бұндай шешімді Standard Chartered Bank те қабылдаған. Алдағы уақытта Citibank аталған компаниясына қызмет өтеуден бас тартатын болса, қытайлық технологиясы барлық қаржылай қолдаушысынан айырылып қалады. Бұл Huawei-ге қара бұлт үйірілгенмен бірдей.

“The Qazaq Times”

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз