Home Жаңалықтар Студенттер марапатталды | «Айқын» газеті

Студенттер марапатталды | «Айқын» газеті

0
72

Астанада  Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен «Студенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық конкурс өтіп, жеңімпаздары анықталды.

Атап айтсақ, I-орынды әл-Фараби атындағы ҚҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің 2-курс студенттері Балжан Қаратаева  мен Камила Емангалиева  иеленді. Олар «Alshy– ұлттық брэнд» жобасын ұсынып, ноутбук ұтып алды. Ал Қарағанды экономикалық университетінің Экономика және басқару факультетінің 3-курс студенті Алтынай Жолдыбай  «Digital University» жобасы  ұсынып, конкурстан II-орынды иеленіп, заманауи планшетке ие болды. III-орынды Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті Филология және тарих факультетінің 3-курс студенті Әйгерім Оразбектің «Тіл туризмі» жобасы өтіп, ұялы телефон сыйға алды.

Конкурстың жеңімпаздары Тәуелсіздік күніне орай Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында марапатталды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, БАҚ басшылары, ұстаздар мен студенттер қатысты.

Жалпы, «Студенттердің 100 үздік идеясы» конкурсы Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру жөніндегі «100 идея» жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары – Білім және ғылым министрлігі және «Ел-шежіре» қоғамдық қоры.

Конкурстың мақсаты – үздік идеялар мен жастар бастамаларын жинақтау. Материалдар төмендегі бағытта өтті:

1. Қазақстанның қасиетті жерлерін бренділеу және оларды ары қарай дамыту;

2. Қолайлы қала ортасын қалыптастыру;

3. Ауылдық жердің тұрмысын жақсарту;

4. «Табыс тарихы» мен селф-брендингті көпшілікке тарату саласындағы бастамалар

5. Бизнес-жобалар мен стартаптар;

6. Әлеуметтік саладағы жаңа цифрлы шешімдер;

7. Латын әліпбиінге көшу;

8. Алғаш қазақ тіліне аударылған кітаптарды оқуға және көпшілікке таратуға қызығушылық арттыру;

9. Өлкетану;

10. Қазақстанның мәдениетін шетелге таныту және елдің халықаралық қоғамдық-мәдени ұстанымы.

Дереккөз: Айқын