Home Жаңалықтар Иранға көшкен қазақ баласы ана тілін ұмытпау үшін екі мектепте қатар оқып...

Иранға көшкен қазақ баласы ана тілін ұмытпау үшін екі мектепте қатар оқып жүр

0
392

Отбасы жағдайына байланысты Иранға көшіп кеткен қазақстандық отбасы үйінде тек қазақша сөйлеседі. 9 жастағы Дәулетәлы Сауран Иранда парсыша оқығанымен, Қазақстандағы мектепте де қашықтан оқып жүр, деп жазады Egemen.kz агенттігі.

«Әкемнің қызметіне байланысты отбасымызбен Иранда тұрамыз. Біз тұратын қалада тек қана парсы тіліндегі мектеп бар. Сонда парсыша оқып жатырмын. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының №77 мектеп-гимназиясының 3-сыныбында қашықтан білім алудамын. Ұстазым — Теңлік Рахметоллақызы. Осы сәтті пайдаланып 3 жылдан бері уақытын арнап келе жатқан ұстазыма алғысымды айтқым келеді», — дейді оқушы.