Әкесін өлтіріп 10 жыл түрмеде отырған ер адам шыға сала анасын өлтірді

0
1670

Ресейдің Ханты-Мансийск автономды округінің тұрғыны түрмеден шыға салысымен анасын өлтірді. Ол осы оқиғадан 10 жыл бұрын әкесін өлтірген болатын. Тәртіп сақшылары оны мас күйінде қолға түсірді. Жантүршігерлік қылмыс туралы Ресей тергеу комитеті хабарлады.

«Тергеушілер мәліметінше, 16 желтоқсанда ер адамға 74 жастағы анасы 2008 жылы әкесін өлтіргені туралы айтқан соң арада жанжал болған. Ұрысып жатып қарияның кеудесіне ас үй пышағын сұғып алған. Әйел сол жерде жан тапсырды», — делінген хабарламада.

Тергеушілер қылмыс кезінде 47 жастағы ер адамның қатты мас болғанын атап өтті. Арада төрт сағат өткен соң ол полицияға өзі хабарласқан.

«Күдіктінің бір жарым жыл бұрын түрмеден шыққаны анықталды. Ол әкесін өлтіргені үшін 10 жыл бойы жазасын өтеген», — деп хабарлады тергеу комитеті.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.