Ирак Рождествоны мемлекеттік мереке деп жариялады

0
153

Ирак үкіметі Рождествоны мемлекеттік мереке деп жариялады. 25 желтоқсанда Иракқа Ватиканның мемлекеттік хатшысы кардинал Пьетро Паролин барды. Жергілікті христиан қауымы кардиналдың сапары Рим Папасы Францисктің Иракқа сапарлап келуіне жол ашады деп үміттенеді.

1990 жылдардың басында Иракта бір жарым миллионға таяу христиан тұрған. Былтырғы есеп бойынша, олардың саны 200 мыңнан сәл ғана асқан. Ирак халқының көпшілігі исламды ұстанады. Осы кезге дейін елде христиан мерекелері мемлекеттік деңгейде тойланбаған.

Иракта христиандар негізінен «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан қуғын мен зорлық-зомбылық көреді. Open Doors христиан құқық қорғау ұйымының мәліметінше, Ирак христиандар қудаланатын елдер тізімінде сегізінші орында тұр.

Дереккөз: Азаттық