Инвесторлар қаржысына 50 жылы аялдама салынады

0
135
27 Желтоқсан 2018, 17:10 215 0

Астана, BAQ.KZ. Астанада жергілікті инвесторлар қаражатына салынған 12 жылы аялдама жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Astanа» ӘКК» АҚ-нің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Канкин жуырда осы салада шетелдік инвестордың пайда болғанын жеткізді. Ал қалғандары – Астананың бизнес өкілдері.

Б. Канкиннің айтуынша, инвесторлар өз салымдарын аялдамада коммерция жүргізілетін павильондар арқылы және жарнамалық баннерлерді орналастыру есебінен ақтайтын болады.

«Аялдамаларда Wi-Fi қызметін ұсынатын инфесторлар бар және оны олар өз тауарын және қызметін сату бағытында қолданады. Сондай-ақ, аялдамаларға терминалдар, аппараттар қойылады, инвестор жалға беру есебінен де пайда көреді», – деді Канкин.

Автобус аялдамасындағы коммуналдық шығыстарды да инвестор төлейді. Ал аялдама орналасқан жер телімі 10 жылға жалға беріледі.

Еске сала кетейік, кеше Жағалау шағын ауданында АҚШ инвесторы қаржысына салынған Your I-Stop «ақылды әрі жылы» аялдаманың ашылуы өтті. «Есіл» ауданы әкімдігінің қолдауымен аялдамаға коммуникация тартылған. Павильонды Астанада отандық кәсіпорын дайындаған.

Ал 2019 жылдың аяғына дейін қалада осындай 50 аялдама ашылады деп жоспарлануда.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ