28 желтоқсан күнгі ауа райы

0
Қар жауады
Фото: Rosphoto.com

28 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде әлі де ауа райы құбылмалы болады. “Қазгидрометтің” хабарлауынша, қар жауады, еліміздің оңтүстігі мен шығысында ғана жауын шашын жаумайды. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Ақмола облысында арагідік бұрқасын соғады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейеді, кей жерлерде жел екпіні секундына 25 метрге жетеді, бұрқасын, көктайғақ болады. Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел күшейеді, Жамбыл облысында көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Қызылорда облысында жел күшейеді. Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Алматы облысының Жаланашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 20-28 метрге дейін күшейеді.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз болады. Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыз болатыны ескертілді. Сырдария суының арнасынан асу қаупі бар.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz