Instagram жұлдызы: видеоблогер

0
Азияда

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

Елдосбекке ауыр көтеруге, дене еңбегімен айналысуға болмайды. Бала күнінде қаназдық ауруына шалдыққан

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қырғызстандық видеоблогер Елдосбек Алмазұлының Instagram-да танымал болғанына көп уақыт болған жоқ. Қазір ол 21 жаста, алайда екі есе жас көрінеді. 

Елдосбек 1997 жылы Ош облысындағы Қара су ауданының Тельман ауылында туған, сонда мектепті бітірді. Қазір Мәскеудегі әпкесінің үйінде жүр. Отбасында төрт бала бар. Әкесі базарда сатушы, ал анасы үй шаруасымен айналысады. 


©
Foto : Диана Алмазқызы

Елдосбек Алмазұлы: 1997 жылы Ош облысындағы Қара су ауданының Тельман ауылында тудым. Отбасымызда төрт бала бар

«Дәрігерлер маған «гипофиз нанизмі» деген диагноз қойды, гормондардың жетіспеуінен өте баяу өсетінімді айтты.  Мен мектепті бітіргенде, бойым 1,12 метр болды, қазір – 1,3. Бойымның қысқалығынан қиындық көрген жоқын. Мүмкін жақсы оқығанымнан болар. Қыста сыныптастарым кейде сөмкемді үйіме дейін көтерісіп келетін», — деді ол Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында. 

Елдосбек қазір Instagram-та танымал, Мәскеуде жерлестерін қарсы алғанда онымен суретке түскісі келетіндер көбейген. 

«Бірде досым екеуміз дәмханада отыр едік, бір уақытта бейтаныс әйел одан: «Інің бе?» деп сұрады. Ол «менің досым» деп жауап берді, бірақ ол сенбеді. Оған паспортымды көрсетіп, бір күліп алдық, бірге суретке түстік», — деп толықтырды блогер.


©
Foto : Диана Алмазқызы

Елдосбек Алмазұлы: Бір жыл бұрын ресейлік фильмге түстім, жақында экранға шығады

Ол әлеуметтік желіден Instagram-ды ғана қолданатын айтады. Қысқа роликтер түсіріп, жеке парақшасына жүктеп отырады. Қазір оған тіркелгендердің саны 10 300 адамға жеткен. 

«Маған ауыр көтеруге, дене еңбегімен айналысуға болмайды. Бала күнімде қаназдық ауруына шалдықтым, жиі емделуге тура келді. Алайда қызмет көрсету саласында, мәселен, курьер болып жұмыс істей аламын. Өз аккаунтымда жарнамадан жақсы табыс тауып жүрмін», — деп атап өтті  Елдосбек Алмазұлы.

Жас блогер көңіл қосқан қызы бар екенін, киноға, бейнебаянға түсуге ұсыныстар түскенін айта кетті. 

«Бір жыл бұрын ресейлік фильмге түстім, жақында экранға шықса керек. Ал Қырғызстанда ондай ұсыныс болмады», — деп түйіндеді ол.