Instagram Рамзан Қадыровтың аккаунтын бұғаттады

0
Instagram Рамзан Қадыровтың аккаунтын бұғаттады


Инстаграмдағы za_kadyrov_95 аккаунты бұғатталды.

Оның себебі белгісіз. Мұнда Шешенстан президенті Рамзан Қадыров парақшасы орналасқан еді. za_kadyrov_95 аккаунты 2018 жылы жазда пайда болды. Осы күнге дейін оған 1,3 млн адам жазылған.

Қадыровтың инстаграм мен фейсбуктегі ескі аккаунттары 2017 жылы желтоқсанда бұғатталған. Сол кезде үш млн адам Қадыровқа жазылған еді. Қадыров «Магнитский тізімі» негізінде АҚШ санкциясына іліккен.

Facebook өкілінің айтуынша, компания Қадыров аккаунтын бұғаттауға мәжбүр болған. Бұл жағдайдан соң Қадыров Шешенстанның төл әлеуметтік желісі Mylistory пайда болғанын жариялаған.

Дереккөз: centralasian.org