Индонезиядағы цунами: Танымал топты концерт кезінде су шайып кетті — новости Казахстана

Тыңдармандарына көңіл-күй сыйлап, сахнада әнін шырқап жатқан оңтүстік кореялық танымал топты су шайып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Seventeen тобы. Фото: peopletalk.ru
Youtube желісінде таралған видеодан музыкалық топ ән айтып жатқанда табиғи апат орын алып, көрермендердің жан-жаққа қашқанын байқауға болады.
Деректерге сүйенсек, апаттан Seventeen тобының екі өнерпазы қайтыс болған. Топтың 4 мүшесі іздестіріліп жатыр.
Индонезиядағы цунамиден 168 адам мерт болып, 750-ге жуық адам зардап шекті, 30 адам жоғалып кеткен.
Ел билігі апаттың қайталануы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты.
Еске сала кетсек, жексенбі күні Индонезияның Зонд бұғазының жағасындағы елді-мекенде цунами болды.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар