Атырауда бойжеткен лифт шахтасына құлап кетті

0

2018 жылғы 23 желтоқсан 15:51 348

Атырауда бойжеткен лифт шахтасына құлап кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Атырауда 22 жастағы бойжеткен лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін, таңғы сағат 6.05-те Авангард шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінде төтенше жағдай болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына құтқарушылар бригадасы барды. 1996 жылғы қыздың лифт шахтасына құлап кеткені анықталды. Құтқарушылар бойжеткенді шығарып алды. Ол облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді», — деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева.

Авторы Андрей Соколов

Иллюстрациялық фото

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz