Илон Маск: «Tesla Қазақстанға келеді»

0

Америкалық миллиардер Илон Маск Tesla-ның Қазақстанда, Ресейде және ТМД-ның басқа елдерінде келетіні туралы реси түрде мәлімдеді. Бұған дейін біз Масктың «Үш күндік Жаңа білім марафонында» сөз сөйлейтіні туралы жазған болатынбыз.

“Жақын арада біз Ресейге барамыз. Tesla-ның Ресейге баруы керемет болады деп ойлаймын. Сонымен қатар Қазақстан мен ТМД елдері де қамтылады», – дейді Илон Маск.

Бұл туралы Kaspi.kz баспасөз хатшысы Ербол Азанбек: «Болашақ электрокөліктерде. Үкімет ана зауыттың бізде ашылуына күш салуы керек. Болмаса Ресей мен Өзбекстан алады.

Масктің ракеталармен әлемнің кез-келген жеріне бір сағатта жеткізуге арналған тағы бір жобасы бар. Ракеталар ұшатын, қонатын орталықтар әлемді байланыстырушы негізгі жерлер болады. Байқоңырды соған берсек, ол жобалары аясында Starlink-тің игілігін көруге болады.

Tesla, SpaceX сияқты әлемдік бизнестің Қазақстанда болуы бізге айтарлықтай артықшылық әкелер еді» деді.

Сонымен қатар, Илон Маск Ресейге электромобиль шығаратын зауыттар орналастырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.