Илья Ильин Қызылордадағы «Мұз айдыны» кешенінің директоры қызметіне тағайындалды – Қазақстан жаңалықтары

0

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанған қазақстандық спортшы Илья Ильин Қызылордадағы «Мұз. айдыны» кешенінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Илья Илин

«Мен Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысамын ба деп ойлағанмын. Бірақ әлемнің басты спорт жарысы кейінге қалдырылды. Сол себепті спорт карьерамды аяқтауды жөн деп шештім», – дейді Илья Ильин. 

Айтуынша, ол енді спорт басқармасына біржолата бет бұрмақ. Бұған қоса ол болашақта жаттықтырушы болуды да жоспарлап отырғанын жеткізді. Десек те қазіргі таңда бар ықыласын Қызылордадағы жұмысына арнамақ. 

Еске салайық, 2016 жылы спортшы 2008 және 2012 жылы ұтқан алтын медальдарынан айырылған болатын. Бұған себеп – сарапшылардің оның қанында тыйым салынған дәрілік заттарды анықтауы. 2018 жылы Ильин дисквалификациядан кейін қайта спортқа оралған еді, алайда денсаулығына байланысты ол өзін биік деңгейде көрсете алмады. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз