Ата-аналар қатыспайды — министрлік соңғы қоңырауды өткізу тәртібін жариялады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Түлектерге аттестатты 3-4 маусымда тапсыру туралы шешім қабылданды, жыл сайын бұл іс-шара маусымның ортасында өтетін

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова соңғы қоңырауды өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«11-сынып түлектеріне аттестатты 3-4 маусымда тапсыру туралы шешім қабылданды. Жыл сайын аталған іс-шара маусымның ортасында өткізілетін. Түлектерге арналған қорытынды аттестацияның болмауына байланысты және ҰБТ-ға дайындалу қажеттілігін ескере отырып, біз аталған іс-шараны маусым айының басына ауыстырдық», — деп жазды Каринова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы қоңырау мектептің жанында өтеді. Бірақ ата-аналарға қатысуға рұқсат жоқ.

«Мерекені өткізудің ерекшелігі — 11 сынып түлектеріне салтанатты түрде аттестат беріледі және соңғы қоңырау соғылады. Сонымен қатар, іс-шара міндетті түрде мектеп жанында таза ауада қонақтардың қатысуынсыз, тек 11 сынып оқушыларының қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілуі тиіс. Түлектерге әдеттегі мектеп формасымен қатысу ұсынылады», — деп атап өтті Каринова.

Салтанатты бөлімнен кейін экология министрлігімен бірлесіп, мектеп түлектерінің ағаш отырғызу акциясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта осы акция жыл сайын 25 мамырға орай ұйымдастырылатын болады.

Оқи отырыңыз: Карантин кезіндегі емтихан, ҰБТ және диплом: оқушылар мен студенттер нені білуі тиіс



sputniknews.kz