Иесін өртенген үйде бір ай күткен күшік жұрттың жүрегін елжіретті

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Құтқарушылар лабрадордың өрт пен қатты дауылға қарамастан өз иесін күткенін айтады

АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Калифорнияда Мэдисон атты лабрадордың иелері оны орманда болған өрттен кейін уақытылы алып кете алмады. Бір айдан кейін толықтай жанып кеткен үйіне келген күшіктің иелері оның әлі күнге дейін өздерін күтіп жүргенін көріп қатты қуанып қалған, деп хабарлайды FOX8 телеарнасы.

Жергілікті жануарлар қорғаушылары Мэдисон «құдды өзінің бұрынғы үйін иелері келгенше күзеткендей болды» дейді.

Естеріңізге сала кетсек, 8 қараша күні Camp деген атауға ие болған алапат өрт болды. Ол штат тарихында жойқын күшке ие болған апат. Себебі, 85 адам көз жұмып, 14 мың үй, 528 коммерциялық ғимарат және 4 мың өзге құрылыс толықтай жанып кетті. Өрт 25 қараша күні толықтай сөндірілді.