Хорватия парламенті: «Украинадағы Голодоморды геноцид деп тану керек»

0
95

Хорватия парламенті Голодомор туралы украин халқына жасалған геноциді туралы Декларация қабылдау туралы бастама көтерді. Осылайша, олар Украинамен ынтымақтастықты көрсеткілері келеді. Бұл туралы хорватиялық депутат Марко Миланович Литре өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Украиндықтар мен хорваттар арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан байланыстар мен достықты ескере отырып, Хорватияның егемендік фракциясы парламенттік рәсімге сәйкес украин ұлтына жасалған Голодоморды геноцид ретінде Декларация қабылдау туралы өтініш жіберді», – деп жазды ол.

Литре сонымен қатар, мұндай декларацияны қабылдау арқылы хорваттар коммунистік режимнің қылмысын айыптайтынын, нәтижесінде 1932-33 жылдары 7 миллион украиндықтар қаза тапты деп айтты.

«Осы Декларацияға дауыс беруден бас тартпайық, өйткені бұл болашақ ұрпақ үшін тарихтағы ескертулердің бірі – кейбір жоғары мақсаттар үшін адамдардың құқықтары мен бостандықтарын елемеуге болмайды», – деді Литре. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Чехия парламенті Украинадағы Голодоморды украин халқына жасалған геноцид актісі деп таныды.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті