Мектептегі бопсалау туралы айтқан мұғалім жұмысынан айырылды

0

Түркістан аймағының бұрынғы мұғалімі Бақытжан Бейсенбаев өз мектебінде «заңсыз ақша жинау» туралы хабарлағаннан кейін жұмысынан айырылған. Нұр-Сұлтандағы Жоғарғы Сот ғимаратының алдында бір адамдық пикет өткізді. Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Ол бір жыл бұрын шығарылған Сарыағаш сотының шешімін қайта қарап, қызметіне қайта қабылдауды талап етті. Бейсенбаев өзінің қысымға ұшырағанын және «бопсалау» туралы хабарларға байланысты жұмысынан айырылғанын мәлімдеді. Ол өзінің жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санайды.

– Мен мектептердегі сыбайлас жемқорлықтың тамырын жойғым келеді! Талапкер Сарыағаш сотына ықпал етті, нәтижесінде дұрыс емес шешім шығарды деп санаймын. Мен бір жарым жылдан бері әділдік іздедім. Менің сөзімнің дәлелі бар, деді Бейсенбаев.

Өткен жылы Сарыағаш аудандық соты Бейсенбаевты «жалған ақпарат берді және жала жапты» деп айыптаған жергілікті мектеп директорының азаматтық талап арызын қанағаттандырды. Сот жауапкерді моральдық өтемақы ретінде 50 мың теңге төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ, оған жергілікті теледидарда «бопсалау» айыптарын жоққа шығаруға бұйрық берілді. Бейсенбаевтың өзі тағылған айыпты мойындамады.

Еске салсақ, Бақытжан Бейсенбаев 17 жыл Диханбаба ауылындағы Алтынсарин мектебінде физика-математика пәнінен сабақ берді. Ол 2019 жылдың қараша айында мектеп директоры «мұғалімдерден ақша жинап жатыр» деп хабарлаған, артынша жұмыстан шығарылған.

Айта кетсек, Қазақстанда мұғалімдер мектептегі заңсыз ақша жинау туралы жиі шағымданады.