Ханкөлден «шайтан» іздеген полицейлер тексеріс нәтижесін жариялады

0
912
Advertisement

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ханкөлдегі «сары қыздың» елесіне қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесін мәлім етті.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының тұрғындары әлеуметтік желі арқылы елді мекен маңында «сары қыздың» елесі пайда болғаны жөнінде ақпарат таратқан болатын.

Осыған орай, облыстық Полиция департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріс жүргізді. Ауылға баратын барлық жолдар видеоға түсірілді.

Анықталғандай, елес қызға байланысты таралған видеодағыдай жол мен ағаштар аталған ауыл аумағында жоқ.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, сауалнама жүргізді. Видеода көрсетілген деректі ешқайсысы растамады. Бәрі де мұндай елесті көрмегенін, өздерін ешкім мазаламағанын айтады.

Сондай-ақ аталған видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ екендігі жөнінде ақпарат бар. Бұл видео 2019 жылы Ресейдің әлеуметтік желілерінде әлденеше рет таралып, онда түрлі аймақтар көрсетілген.

Қаратөбе ауданы полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Маман Исағалиевтің айтуынша, видеоның Ханкөл елді мекеніне еш қатысы жоқ. Ол осыдан 11 ай бұрын Youtube каналына Андреевич деген лақап есіммен жүктелгені анықталды.

«Ханкөлден Самара-Шымкент күре жолына дейінгі жол тексерілді. Жол жиегінде тығыз орналасқан тал-теректің жоқтығы да видеоның жалған екендігін дәлелдейді. Сондықтан аудан және ауыл тұрғындарынан жалған ақпаратқа сенбеуді және таратпауды өтінеміз», – деді М.Исағалиев.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз