«Халыққа қарсы шықпауым керек еді». Ермахан Ибраимов плакат жыртқаны үшін кешірім сұрады (видео)

0

Күні кеше сайлау күні алаңға шыққандардың плакатын жыртқан спортшы Ермахан Ибраимов халықтан кешірім сұрады. Ол өз әрекетін түсіндіріп, алдағы бес жылда «Нұр Отанға» сөз келеді деп қорықпайтынын, халыққа тік тұрып қызмет етуге дайын екенін жеткізді.

«Биліктің партиясынан болғандықтан, танымал азамат ретінде мен ол жерге барып, олармен конструктивті түрде сөйлесейін дегенмін. Сол мақсатпен келген едім. Жаңағы қоршап тұрған неден… Мен жақындап олармен сөйлесейін десем, олар мені сол моментте бір-екі суретке түсіріп-түсіріп жіберіп, әлеуметтік желілерде «Мінеки, Ермахан, боксшы келді. Боксшы келсе, ол ұруға келді» деп. Көрдіңіз бе адамда қандай психология? Боксшы келсе, ол сөйлесуге келген жоқ, ол ұруға келді деген сондай ой.

Енді боксты білесіз ғой нағыз еркектің спорты. Ұруға келді деп менен қашқақтап, менімен сөйлеспей, балағаттап, громкоговоритель алып алған. Бұл — арандату. Интрига туындатып, соны салып жіберді. Енді шынына келген кезде менің намысыма тиіп кетті. Болмайтын, айтатын сөздерді айтқаннан кейін. Кейін жынданып кеткеннен кейін.
Олар ар-намысыма тиетін сөздер айтты. Содан қолындағы плакатын жұлып алдым да. Плакатқа халықты арандатушы сөздер жазып алған. Мысалы ол деген біз 30 жыл дамып келе жатырмыз. 30 жыл бұрын жағдайымыз қалай еді? Қазір қалай өмір сүріп жатырмыз?

Оған көбісі мән бере бермейді. Адам болғаннан кейін ойлану керек қой. Сондықтан арандатушы, Қазақстанның арасында ірің тастап, іріткі салып, ауызбіршілігіміздің быт-шытын шығарып, Қырғызстан немесе Украина сияқты. Әйтеуір, бірлікті бұзайын деп тұрған сондай сөздер жазып алған. Бір сөзбен айтқанда мен осы Қазақстанның азаматы ретінде, патриоты ретінде осы талай жарыстарда мен жеңіп шықтым. Олимпиада чемпионы болып, туды көтеріп шықтым. Сол мемлекетті быт-шытын шығармақ ойлары бар. Енді ол қай жақтан келетін заказ екенін білесіз. Ол шетелден келеді. Ол Әблязовтардың жақтасы бола ма? Тағы басқалардың жақтасы бола ма?

Бір сөзбен айтқан кезде біздің ауызбіршілігімізді жоғалту. Соны құрту. Мен оған жол бермеймін деген сияқты нағыз патриот ретінде өте нашар жазылған плакатты қолдарынан жұлып алдым да, өзімнің азаматтық позициямды білдірдім. Жыртып-жыртып тастағаным рас. Оны жоққа шығармаймын. Содан әлеуметтік желіде көп әңгіме тарап кетті. Мен оны сын ретінде жақсы қабылдаймын. Бірақ, азамат ретінде, патриот ретінде ниетім түзу», — деп баяндады ол 10 қаңтар күні болған оқиғаны.

Әрі қарай журналист одан халықтың сынын қалай қабылдағаны туралы сұрады.

(…)

«Пікірің дұрыс емес деп әрқайсымен ұрысып жатпаймыз ба? Сын айтып жатса, сөз жоқ онысын қабылдаймыз. Олардың да айтып жатқаны дұрыс шығар. Мен жаңағы барып плакатты жыртпауым керек еді мүмкін. Ашуланбауым керек еді мүмкін. Халыққа қарсы шықпауым керек еді. Оның бәрін жақсы түсінемін. Бірақ дегенмен де, осы сіздердің телеарналарыңыз арқылы халықтың көңілінен шықпай жатсам, бір жерде нұқсан келтірсем, кешірім сұраймын олардан», — деді спортшы.