«Адамдар өлер алдында бірдей түс көрген»: Зерттеу нәтижесі жарияланды

Хоспистік және паллиативтік көмек орталығының қызмекерлері (Баффало, Нью-Йорк) 10 жыл бойы 13 мың өлгелі жатқан пациентті зерттеген.

0
344
Фото: Известия

АҚШ-та медицина қызметкерлері адамдардың өлер алдында бірдей түс көргенін анықтаған.

Хоспистік және паллиативтік көмек орталығының қызмекерлері (Баффало, Нью-Йорк) 10 жыл бойы 13 мың өлгелі жатқан пациентті зерттеген. Зерттеу барысында олардың 88%-ы өлер алдында бірдей түс көргенін анықтаған.  Зерттеу нәтижелері Pubmed  медициналық журналында жарияланған.

Пациенттердің көбі (72%) өлер алдында түсінде қайтыс болған туған-туысарымен және достарымен сөйлескен. Сондықтан олардың көңіл-күйі оянатын кезде көтерілген. Көз жұмғандардың жартысынан көбі  (59%) түсінде чемодандарын жинаған немесе билет сатып алған. Кейбіреулері пойызда кетіп бара жатқан немесе ұшақпен ұшқан.

Пациенттердің 29%-ы  түсінде тірі туыстарымен және достарымен сөйлессе, 28%-ы өмірлерінде болған оқиғаны көрген.  Алайда олардың ешқайсысы түсінде баласын көрмеген. Көбінесе үйдегі жануарларды көрген.  Сондай-ақ үлкен адамдарды көрген, бірақ оларды танымайтындарын айтқан.

Зерттеуде көрсетілгендей, бұндай түстер адам өлімінен 10-11 апта бұрын басталған, үш апта қалғанда түс көру жиілеген.

Әзірге бұны түсіндіру мүмкін емес.  Зерттеу авторларының болжамынша, адам өлімі алдында оның миында өзгеріс болады немесе адам өзінің өлетінін ойлағанннан осылай болуы мүмкін.

Бұған дейін коронавирустан сауыққан адамдар 140 күн ішінде қайта ауруханаға түсіп, әрбір сегізінші науқас қайтыс болғанын жазған болатынбыз.