Қытай ғалымдары: 2021 жылы коронавирустан өлім саны 5 миллионға жетуі мүмкін

0
734
Фото: Хабар 24

Көптеген елдер аурудың өршуіне, сондай-ақ коронавирустың мутациясына тап болды. 2021 жылдың наурызына дейін әлемде коронавирустың салдарынан қайтыс болғандардың саны 5 миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлады қытайлық ғалымдар.

2021 жылы пандемияның әлемдік салдары 2020 жылға қарағанда нашар болуы мүмкін, деп жазады South China Morning Post. Қазіргі уақытта 2 миллион адамдардың өлімі тіркелген еді. Зерттеушілердің пікірінше, өлім саны 5 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Бір сарапшы атап өткендей, Қытай пандемияны көбірек бақылауға алғанына қарамастан, көптеген елдер аурудың өршуіне, сондай-ақ коронавирус мутациясына ұшырады. Әлемде коронавирустық инфекцияның 92 миллионнан астам жағдайы тіркелген, бірақ 2021 жылдың  наурыз айының басында олардың саны 170 миллионға жетуі мүмкін, дейді қытайлық ғалымдар.

Оның үстіне, олар ең көп АҚШ зардап шегеді деп санайды. Нашар сценарийде АҚШ-да 32 миллион инфекция, ал Үндістанда – 15,5 миллион, Бразилияда – 15 миллион және Ресейде – 6 миллион адамдарда коронавирустық инфекция анықталады.

Керімсал Жұбатқанов