«Халық алдында кешірім сұраймыз»: Алматы облысында заңсыз көкпар ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысының жолдарында «Көкпар»  ойынын ойнағандар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көкпар

Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінің жол бөлігінде 20-25 адамнан тұратын бір топ адам рұқсатсыз «Көкпар» ойынын ұйымдастырған түсірілген видео таралған болатын.

Көктөбе және Рахат ауылдық округтерінің тұрғындары арасында «Көкпар» ұлттық ойыны  өткендігі анықталыпты. Іс- шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бір бөлігі ойынды жол бөлігінде жалғастырғандығы белгілі болды. Аталған заңға қайшы әрекеттердің жолын патрульдік полиция экипаждары дер кезінде кесіпті.

Атап кетерлік жайт, ұлттық ойындар жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз өткізілген.

Қазіргі уақытта «Көкпар» ойнын  ұйымдастырған 1998,1997,2000,1992 жылғы Алматы облысы Рахат ауылының тұрғындары ұсталды . Олар ҚР ӘҚБтК- нің 434- бабы 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған ұлттық ойынды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан өзге де азаматтар анықталуда.
 

stan.kz