Карантинде жатқан қытайлар бюджет есебінен емделеді

0
98

Бүгін Тілеухан Шілдебайұлы бастаған мамандар Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы шұғыл баспасөз мәслихатын өткізді.

«ДДСҰ-ның мәліметінше, әлемнің 72 елінде коронавирустың таралғаны белгілі. Алматы қаласы, мекемелері қазір аурудың алдын алуға және эпидемияға қарсы тұруға байланысты толық даяр. Бұл жұмыстар қалалық штабтың басқаруымен жүргізілуде. Бүгінде қалаға инфекцияның таралу қаупі жоғары мемлекеттерден келген адамдардың тізімі күн сайын мониторинг орталығына беріледі. Осы орталықта әрқайсысы жеке зерттеліп, әртүрлі категорияға бөлініп, медициналық бақылауға алынады. Қаладағы көпсалалы медициналық орталықта 14 күнге карантинге жатқызатын адамдарды анықтаймыз. Қазір ауруханада «А» санатындағы 131 адам жатыр. Бірінші «Б» санатындағы 119 адам үйде дәрігер бақылауында, екінші санаттағы 955 азамат та жүріс-тұрысын шектейді, ал мониторингтік бақылауда 1632 адам бар. Медициналық мекемелер медикамент қоры, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Адам саны көбейсе, қосымша төсек орынмен қамтамасыз етіледі», – деді басқарма басшысы.

Nege.kz тілшісі кеше ғана карантинде 124 азаматтың жатқанын айтқан басқарма басшысына: «Карантинде жатқандардың тізімі күн санап артып отыр ма? Әр азаматтың күндік еміне қанша ақша бөлінеді және «Қолында анықтамасы бар шетелдіктің бәрі қабылдана бере ме?» деген сауал қойған еді.

Оған басқарма басшысы: «Қытайдан басқа елде де ауру ушығып жатыр. Иран мен Оңтүстік Кореядан келген азаматтарды да оқшаулауладық. Бүгін түнде сол мемлекеттен келгендер бар. Сондықтан адам саны өзгеріп отыр. Кеше 12 адам карантиннен шықса, соның 10-ы – қытай азаматтары. Оларды елдің ішіне жіберсек не болады? Иә, оларға қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тарапынан төленуде. Қазір әр адамға кеткен шығын есептеліп жатыр. Сол тарифтің көлемінде шығынын анықтаймыз. Бұл қаржы республикалық бюджет есебінен төленеді. Шетелден келгендер миллиардер не кедей болса да, карантинде жатқызамыз. Егер басқа аурумен ауырса, ақшасын аламыз. Ал қолында анықтамасы бар азаматтар денсаулығының жақсы екеніне сенімді. Бізге келсе, қабылдауға міндеттіміз. Тағы айтам, олар коронавирустан таза»– деп жауап берді.

Дереккөз: Nege.kz