Гүлзира Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыздың ажырасуына қатысты шындықты айтты

0

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова ажырасып кетті деген ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Ақпараттың рас-өтірігін Гүлзира Айдарбекова айтып берді.

Бұл туралы «Опмай-опмай» бағдарламасында айтылды.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, ұлы мен келіні тату-тәтті бірге тұрып жатыр. Ал ел арасында тараған әңгіме жай ғана қауесет.

«Менен не сұрағыларыңыз келіп тұрғанын да біліп тұрмын. Қайрат пен Жұлдыз ажырасқан жоқ. Олар бірге. Егер ажырасып кетсе, бәріне бірден белгілі болар еді. Сондықтан бұл жалған қауесет. Ондай нәрсені жасыру мүмкін емес қой», – деді Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, ешбір келінімен ұзақ уақыт тұрып  көрмеген екен. Сондықтан үнемі сағынысып көріседі.

«Мен үнемі келіндеріме көмектесіп, жетпегенін беріп, қолдап жүремін. Келіндерім менің көрген қиындықтарымды көрмесе екен деймін. Сыпыртқы ұстатып, жұмысқа салған емеспін. Келін болып түскен уақыттан бастап бәрінің бала қарайтын, үй шаруасына көмектесетін көмекшілері бар. Өздерінің сүйікті тамағын жасап, шай құйып береді. Басқа жұмыстарға көмекшілері көмектеседі. Өзім келіндеріммен ұзақ уақыт тұрып көрген емеспін. Сондықтан сағынысып көрісеміз», – деді әншінің анасы.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті деген ақпарат тарады. Бұған қатысты әнші де, жары да жауап берген жоқ. Кейіннен Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратпен бірге екенін айтып, оқырмандарының көңілін орнына түсірген еді.