Грузия тұрмыстық қылмысқа тағайындалатын жазаны ауырлатты

0

28 желтоқсанда Грузияда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тағайындалатын жазаны ауырлататын заң жобасы күшіне енді. Енді мұндай қылмыс жасаған адамға екі жылға дейін (бұрын бір жылға дейін еді) түрме жазасы кесіледі.

Қорғау ордерін бұзған адам бұрынғы заң бойынша, алғашқыда – әкімшілік, қайталаса қылмыстық жауапқа тартылатын. Жаңа заңға сәйкес, енді бірден қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Отбасында жасалған қылмыс я зорлық-зомбылық ауыр жағдай ретінде қаралады.

Оқи отырыңыз: Алматыда «күйеуінің қолынан өлген» әйелдің туыстары наразылық танытты

Кәмелет жасына толмаған баланың көзінше жасалған отбасылық, алаулау сипаты бар қылмыс түріне жаза ауырлады. Қылмыстың гендерлік сипатына қарай да жаза ауырлай береді.

Грузия құқық қорғаушылары 2017 жылы парламентке жыныстық бопсалау туралы заң жобасын жіберіп, әкімшілік, қылмыстық кодекске өзгеріс енгізуді талап еткен. Олар «Грузиядағы салт-дәстүрдің әсерінен әйелдердің мұндай жағдайға өзінше реакция таныту қиын» деп санайды.

Дереккөз: Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз