Home Жаңалықтар Google Translate қазақша дауысты танитын болды

Google Translate қазақша дауысты танитын болды

0
81
Inactive account – ID 377053

Google Translate қазақша дауысты танитын болды. Енді мобильді қосымшада қазақ тілінен дауыстық аударма қол жетімді, деп хабарлады ORDA.

Жаңа мүмкіндік мобильді қосымшада 22 ақпанда шыққан 6.17.0 жаңартудан кейін пайда болды. Айта кетсек, бұл ақпарат App Store дүкенінің «жаңалықтар» бөлімінде көрсетілген.

Google Translate қазақша дауысты танитын болды

Қазақ тілінен дауыстық аударма Google Translate жұмыс үстелінде әлі жоқ екенін ескеріңіз.

Google Translate қазақша дауысты танитын болды

Google Translate-те қазақ тілінен дауыстық аударма пайда болатыны туралы 2017 жылы хабарланған. Бұл үшін төрт миллион теңге бөлген демеуші есебінен «дауыспен мәтінге» технологиясына қазақ тілін қосу жоспарланған.

Ал Google Translate жүйесіне қазақ тіліндегі мәтін түріндегі аударма 2014 жылдың желтоқсан айында қосылды.