Головкинмен салыстырылған чемпион 51 секундта ауыр нокаутқа түсті – видео

0

«Крис Киборг» бірінші раундта ойламаған жерден нокаутпен ұтылып қалды

АСТАНА, 31 желтоқсан — Sputnik. Жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Кристиана «Крис Киборг» Жустину (20-1-1) карьерасындағы екінші жеңілісіне ұшырады, деп хабарлады Sports.kz.

Инглвудтағы (Калифорния штаты, АҚШ) UFC 232 турнирі аясында ол бірінші раундта ойламаған жерден Аманда Нуньестен нокаутпен ұтылып қалды. Бұл жекпе-жек 51 секундқа ғана созылды. Нуньестің жойқын нокаутының видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

Осылайша, Жустину карьерасында екінші рет жеңілді,ал Нунес 17-ші жеңісіне қол жеткізді.

Бұған дейін кейбір шетелдік журналистер Кристиана  Жустинуді қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен салыстырған болатын. Олардың пікірінше, көптеген боксшы GGG-мен жекпе-жектен қашқақтағаны секілді, «Киборгтан» қорқатындар да көбейген.

 

Естеріңізге сала кетейік, биыл Головкин де жеңіліске ұшырап, әлем чемпионы атағынан айырылды.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/