ОТАН, ТУҒАН ЖЕР, ЕЛ-ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ мақал-мәтелдер

0

Ел мен жер егіз.

Ел іші алтын бесік.

***

Жері байдың елі бай.

***

Отан — қуат, Отбасы — шуақ.

Есің барда елің тап.

***

Көп ел — сарқылмас көл. Көп ісінде береке.

Егемен елдің еңсесі биік.

***

Көп қайда болса — құдай сонда.

***

Көптің күші көлдей,

Көшіп жүрген елдей.

***

Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.

***

Көп түкірсе — көл болар.

***

Көп біріксе — ел болар,

Көп тілегі көл болар.

***

Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.

***

Көп жабылса жоқ табылады.

***

Көп ауызы дуалы.

***

Көп адаспас, көл таусылмас.

***

Көп тілесе алар,

Күн бұлттанса жауар.

***

Көппен көргеннің арманы жоқ.

***

Көп қорқытады, терең батырады.

***

Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,

Көптің жоғы жоғалса табылады.

***

Көп дауыс қосылса,

Бір дауысты жоқ қылады.

***

Көптен қоян қашып құтылмас.

***

Көп білсең де,

Көптен артық білмейсің.

***

Көппе тентек болсаң да,

Көпке тентек болма.

***

Көптен шыққан көмусіз қалады.

***

Адассаң, көппен адас.

***

Көпке топырақ шашпа.

***

Халық айтса, қалп айтпайды.

***

Халық сөзі қаһарлы.

* * *

Ерден аспақ болса да,

Елден аспақ жоқ.

***

Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас.

***

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,

Ұлы жүзді қауға бері малға қой,

Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

***

Данышпай айтса, ел айтқаны,

Елдің қамын жеп айтқаны.

***

Кемеңгер кеңес таппай қоймас.

***

Талайлымен таласпа.

***

Сумен ойнама батарсың,

Отпен ойнама жанарсың.

***

Шықпаған егіннен жер бүлінеді,

Олақ бастықтан ел бүлінеді.

***

Көптен жақсылық құтылмайды,

Аздан азап арылмайды.

***

Көп толқыса ер құлайды,

Көл толқыса жар құлайды.

***

Елің — панаң,

Жерің — анаң.

***

Өз елің өзекке теппес.

***

Ауылым — алтын бесігім.

***

Көш басшысы жоқ ел оңбайды,

Құралай бастаған киік оңбайды.

***

Өзбек өз ағам.

***

Ел жаусыз болмас,

Жер таусыз болмас.

***

Жері байдың — ері бай.

***

Қазақтың осы жер дегені, көш жер.

***

Ақ бөкенді жатыр деме,

Көшпелі елді отыр деме.

***

Елдестірмек — елшіден.

Елде бір тентек жүрмей ме.

***

Елу жылда ел жаңа.

***

Жүз жылда қазан.

***

Қырықтың бірі қыдыр.

***

Ел жасымен көрікті,

Тау тасымен көрікті,

Аяқ асымен көрікті.

***

Ер — жалғыз,

Ел — көп.

***

Өз елің — алтын бесік.

***

Елдің күші елу батпан.

***

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

***

Елде болса ерінге тиер,

Ауылда болса ауызға тиер.

***

Ел дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып істе.

***

Ит тойған жеріне,

Ер туған еліне.

***

Өз еліңнің иті де қадірлі.

***

Туған жердің түтіні де тәтті.

***

Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.

***

Адалдық үшін арыдым деме.

***

Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды.

***

Кеңеспен кескен тон келте болмас.

***

Кімнің жерін жерлесең,

Соның жырын жырларсың.

***

Туған жерің түсіңе кіреді.

***

Өз елім — өлең төсегім.

***

Сарала қаз көлін сағынар.

***

Жеріне қарай жемісі.

***

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

***

Ел қариясы — ел қазынасы.

***

Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

***

Құлан кісінесе үйір жиналар.

***

Отан — оттан да ыстық.

***

Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл


Тегтер:ел жер гылым туралы мақал мателдерел жер туралы макалел жер туралы макал мателдерел жер туралы мақал мателел жер туралы мақал мәтелдерел жер туралы нақыл сөздерел жер туралы шығармаел жер туралы әндерел жер туралы өлеңдерел жер ғылым туралы мақалЕЛ-ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ мақал-мәтелдерказакша макалказакша макал мателдерказакша макал мателдер ана туралыказакша макал мателдер дос туралыказакша макал мателдер каскыр туралыказакша макал мателдер кыз туралыказакша макал мателдер махаббат туралыказакша макал мателдер отан туралыказакша макал мателдер отбасы туралыказакша макалдармақал мәтелдермақал-мәтелдер жұмбақтар жаңылтпаштармақал-мәтелдер сабақ жоспарымақал-мәтелдер сайысымақал-мәтелдер туралы өлеңдермақал-мәтелдердің ерекшеліктерімақал-мәтелдердің жанрлық белгілерімақал-мәтелдердің тақырыптарымақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктерімақал-мәтелдердегі антонимОтанОтан туралыотан туралы макалотан туралы макал мателдеротан туралы мақалотан туралы мақал мәтелдеротан туралы мукагали макатаевотан туралы оленотан туралы такпакотан туралы шыгармаотан туралы өлеңдертуған жертуған жер туралы əндертуған жер туралы мақалтуған жер туралы мақал мəтелтуған жер туралы мақал мәтелдертуған жер туралы мақалдартуған жер туралы тақпақтартуған жер туралы шығармаҚазақша Мақал - Мәтелқазақша мақал мәтелдерқазақша мақал мәтелдер ат туралықазақша мақал мәтелдер ақыл туралықазақша мақал мәтелдер жануарлар туралықазақша мақал мәтелдер су туралықазақша мақалалар жинағықазақша мақалдарқазақша мақалдар білім туралы