Әйгілі рэпер Snoop Dogg қазақстандық Кешью тобымен бірге ән жазды

0

Продюссер Баян Алагөзова өз тобымен бірге АҚШ-та жүр, деп хабарлайды Kznews.kz.

– Жақында 52 жастағы музыкант (Снуп Дог) қазақстандық Кешью тобымен Лос-Анджелестегі өз студиясында ән жазды. Аңызға айналған әртіспен келіссөздерді продюсер Баян Мақсатқызы жүргізді, — деп жазады парақшасында журналист Динара Сәтжан.

Баян рэпердің арқасына шапан жапқан. Динара Сәтжан әнші Эйкон да Астанадағы концертте шапанын шешпей ән шырқағанын есіне алады.

Рэпер жайлы

Кіші Келвин Кордозар Бродус (Calvin Cordozar Broadus Jr) – Snoop Dogg есімімен танымал америкалық рэпер әрі актер. Оның даңқы 1992 жылы Dr Dre атымен белгілі рэпермен бірге дебюттік әнінен басталады. Содан бері Снуп Дог Америка Құрама Штаттарында 23 миллионнан астам альбом және бүкіл әлем бойынша 35 миллион альбом сатты. Оның марапаттарына American Music Awards, Emmy Prime Time сыйлығы және 17 Грэмми номинациясы кіреді.