Головкин «Канеломен» қыркүйекте жекпе-жек өткізуден бас тартты

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандық боксшы орта салмақтағы IBF титулын қорғау үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасуы тиіс еді

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейді. Бұл туралы қазақстандық боксшының бапкері Джонатан Бэнкстің айтты, деп жазды Prosports.kz.  

«Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы айқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар», — деді Бэнкс.

Оның айтуынша, Головкин содан кейін ғана «Канеломен» айқасқа дайын болады.

«Бұрын біз Альварестің командасына жекпе-жек өткізуге дайын екенімізді жеткізген едік, бірақ олар бас тартты. Егер оларға бұл жекпе-жек қатты қажет болса, кейінірек өтеді. Біз мұны бірге жасауымыз керек», — деп түсіндірді бапкер.

Оқи отырыңыз: Майк Тайсон бокс тарихындағы ең ұлы боксшыны атады

Еске сала кетейік, GGG орта салмақтағы IBF титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жек өткізуі керек. Жоспар бойынша маусым айында Головкин поляк Камил Шереметамен жұдырықтасуы тиіс болатын.



sputniknews.kz