Гаитидегі 7,2 балдық жер сілкінісі: Көз жұмғандар саны өсіп 304 адамға жетті

0

Гаитиде 7,2 балдық қуатты жер сілкінісі салдарынан мерт болғандар саны 304 адамға өсіп, тағы 2 мыңға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.

Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар ғимараттардың қирандыларының арасынан тірі қалғандар мен құрбандарды іздеуді жалғастыруда.

Еске салсақ, 14 тамызда Гаитидің батысында магнитудасы — 7,2-ге тең қуатты жер сілкінісі болды. Америкалық сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпуі 10 км тереңдікте. Жер сілкінісінің ошағы елдің астанасы Порт-о-Пренс қаласынан 125 км қашықтықта орналасқан. Зілзала ауқымы мен қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Гаитидегі бұл зілзала 2010 жылғы 250-300 мың адамның өмірін қиып кеткен жойқын жер сілкінісінен небәрі 75 шақырым қашықтықта болды.