Қазақстан 2000 ауған босқынын қабылдайды — БАҚ

0

Қазақстан АҚШ үкіметінде жұмыс істеген ауғандықтарды уақытша қабылдау туралы келісімге қол жеткізілді, деп жазды KzNews телеграм каналдарға сілтеме жасап.

Босқындар лагері Қазақстанның оңтүстігінде орналасуы мүмкін. Негізгі келісім бюджет бөлінген 2000 ауғандыққа арналған. Босқындар енді виза рәсімін аяқтап жатыр.

Кеше АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен телефон арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Тілеуберді Мұхтармен босқындарды паналату процесінің соңғы егжей-тегжейін талқылаған.

Ал, министрліктің ресми сайтында бұл туралы ақпарат жоқ. Тек, «тараптардың стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын, өзекті халықаралық проблемаларды, екіжақты және көпжақты форматтағы алдағы іс-шараларды талқылағаны» айтылады.