Ғаділбек Жаңай: Балаларым «әкеміздің басқа отбасы бар» деп жылап қалды
Қазақстандық танымал әнші Ғаділбек Жаңай отбасы туралы сыр шертіп, қызықты оқиғаларын бөлісті. Әдетте жанұясы жайлы көп айта бермейтін әртіс бұл жолы ақтарыла сұхбат берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Ғаділбек Жаңай отбасылық өмірі жайлы «Ұйқым келмейді» бағдарламасында айтып берді. Өнер иесі жанұясында болған қызықты оқиғаны да бөлісті. Әртістің балалары жұлдызды әкесінің бейнебаянын көріп, қатты жылап қалған. Олар оның басқа жанұясы бар деп ойлап қалыпты. «Ақмаржан жарымның жағдайы жақсы. Кейде шабыттанып, кәсіп ашқысы келеді. Бірақ, мен оған онсыз да маңызды жұмыс атқарып жатқанын айтамын. Балаларды тәрбиесі жарымның мойнында. Бүкіл нәрсе ана сүтімен, тәрбиесімен келеді. Сол себепті негізгі жұмыс жарымда, менікі оның қасында ондай маңызды емес. Бір күні келіншегім видеомен қоңырау шалды. Ар жағында балаларым жылап жатыр. Әйелім «мыналарға түсіндірші» деді. Сөйтсем, олар теледидардан мені басқа әйелмен, басқа балалармен көріп жылаған. «Әкеміздің басқа отбасы бар ма не?» деген айқай болған. Барынша түсіндірдім. Бірақ, біразға дейін ойларынан кетпей, ренжіп жүрді», — деді әнші.