Еуропа сырттағы сөз бостандығын ғана қадағалайды
Қысқа сілтеме алу
Еуроодақ қауымдастық ішіндегі проблемалар туралы айтқысы келмейді, бірақ ЕО шеңберінен тыс сөз бостандығы мен адам құқықтарын талқылайды, деп санайды Владимир Чижов
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Еуропалық одақтағы тұрақты өкілі, төтенше және өкілетті елші Владимир Чижов Sputnik Эстония редакциясына биліктің қысым жасауына қатысты жағдайға түсініктеме берді.
Жоғары лауазымды дипломаттың айтуынша, барлығына, соның ішінде Эстония билігі үшін де жазылған ережелер сақталуы керек.
«Ресми Таллин сылтау ретінде Sputnik – БАҚ емес, үгіт-насихат құралы деген тезисті қолданып отыр, – деп атап өтті Владимир Чижов. – Бірақ бұл ештеңені өзгертпейді. Сайып келгенде, осы негізбен мұндай сипаттаманы батыс БАҚ-тарына (соның ішінде эстондық) да беруге болады. Сондықтан бұл – принцип мәселесі. Еуропалық одақтағылар ЕО-дан тыс жердегі, сыртқы әлемдегі баспасөз бостандығы мен адам құқықтары мәселелерін сүйсініп талқылайды. Ал ЕО-дағы проблемаларды айтуға құлықсыз. Соңғы жылдары бұл туралы да айтыла бастады».
Sputnik Эстонияға неге қысым жасалуда
Осы жылдың күзінде Sputnik Эстония қызметкерлері үкімет пен қаржы мекемелері тарапынан қысымға ұшырады. Халықаралық банктердің Эстониядағы филиалдары жалақы, салық және басқа да төлемдерді бұғаттап тастаған. Соның салдарынан жалға беруші редакциямен кеңсені жалға алу туралы келісімшартты бұзуға мәжбүр болды.
Тағы оқыңыз: Қазақстан журналистер одағы Sputnik Эстонияға қатысты мәселеге пікір білдірді
Желтоқсан айының ортасында полиция және шекара күзеті департаменті Sputnik Эстонияға хат жолдады. Оған сәйкес, Sputnik Эстония қызметкерлері 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін бас ұйыммен еңбек қатынасын тоқтатып, жұмыстан кетпесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Ведомстводан нақтылағандай, бұл 2014 жылы «Россия сегодня» ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке қарсы енгізілген санкцияларды орындаумен байланысты. Алайда «Россия сегодня» бірде бір санцкиялық тізімге ілінбегенін, Еуроодақтың бірде бір елінде агенттіктің қызметкерлеріне қатысты мұндай шаралар қабылданбағанын атап өту қажет.
sputniknews.kz