Тоқаев қырғыз режиссері Болот Шамшиевтің отбасына көңіл айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Болот Шамшиев сахналаған фильмдері Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының ортақ мәдени мұрасына айналды, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының аса көрнекті режиссері Болот Шамшиевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айтты.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Тоқаев көңіл айту жеделхатында Болот Төленұлы әлемдік кино өнерінде өшпес із қалдырғанын атап өткен.

«Ол екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосты. Ол сахналаған қазақ әдебиеті мен драматургиясы классиктерінің шығармалары Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының ортақ мәдени мұрасына айналды. Болот Шамшиевтің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.

КСРО мен Қырғызстанның халық әртісі Болот Шамшиев 21 желтоқсан, сенбі күні Бішкекте 78 жасында қайтыс болды.

Болот Шамшиев туралы не білеміз?

Болот Шамшиев 1941 жылы 12 қаңтарда Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек) дүниеге келді. 1959 жылға дейін Фрунзе көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясында дыбыс режиссерінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1959-1964 жылдары ВГИК-тің режиссерлік факультетінде оқыды.

1964 жылдан 1990 жылға дейін – «Қырғызфильм» киностудиясының қоюшы режиссері.

Режиссер «Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері», «Қасқырдың апаны», «Ақ кеме», «Ерте қайтқан тырналар» сынды фильмдерінің арқасында бүкілодақтық даңққа бөленді.

Қырғызстан тәуелсіздігі тұсында Шамшиев фильм түсірмеді. Бірақ ол кітап жаза бастады. Петропавлдағы екі театрда кеңесші болып жұмыс істеді.  

1989-1995 жылдардағы Қырғызстан парламентінің депутаты. 1998-1999 жылдары Қырғызстан спорт және туризм агенттігін басқарды. 1995-2000 жылдары Қырғызстанның БАӘ-дегі елшісі қызметін атқарған.

Болот Шамшиев КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз